Алматылықтардың арасында өз еркімен тест тапсырып жатқандар көп – Бекшин

10.06.2020 в 15:12

Бүгінге дейін қала тұрғындары арасында 155 мың ПТР және 27 мың эксрпесс-тест сынамасы жасалған

Алматы қаласы бойынша өткен тәулікте 86 адамның вирус жұқтырғаны анықталды,деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 51-і ковидтің симптомсыз түрімен тіркелген. Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, сандардың күн санап өсуіне елдегі санитарлық талаптардың сақталмауы себеп. Төтенше жағдай аяқталғалы, барлық аудандарда мониторгтік топ құрамымен рейд күнделікті жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 130-дан астам шағын және орта бизнес орындары жабылған. 98 нысанға ескерту жасалған. Сондай-ақ, соңғы уақытта алматылықтар арасында денсаулығына алаңдаушылық білідіріп, өз еркімен тест тапсырып жатқандар да көп екен.

«Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі бар тұлғалар арасында өз еркімен тестілеуден өту санының артқанын атап өткен жөн. Сонымен 3 маусымнан бастап, тіркелген 491 оқиғадан 248-і  50 пайызды құрайды. Симптомсыз ағыммен тіркелген», – деді қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Қауіпті індет қаланың барлық ауданында тіркеліп жатыр. Сол себепті қала тұрғындарына арқаны кеңге салуға болмайды. Адам көп жиналатын жерлерде санитарлық талаптарды барынша сақтау маңызды. Еске сала кетейік, бүгінге дейін қала тұрғындары арасында 155 мың ПТР және 27 мың эксрпесс-тест сынамасы жасалды.