АҚШ-та бірнеше горилладан коронавирус анықталды

14.09.2021 в 15:28

Алғашында жануарларда жұмсақ жөтел және тәбеттің жоғалуы сияқты белгілер байқала бастаған

Ұлыбритания жастарды жаппай вакциналау арқылы ауруға қарсы күрес жүргізбек. Олар келесі аптадан бастап 12 жастан асқан жасөспірімдерге екпе сала бастайды. Ол үшін міндетті түрде ата-анасының рұқсаты болуы шарт, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетейік, қазіргі таңда, корольдік халқының 60 пайыздан астамы вакцина алған. 

АҚШ-тың Атланта қаласындағы зообақта 10-нан аса горилладан коронавирус анықталды. Алғашында жануарларда жұмсақ жөтел және тәбеттің жоғалуы сияқты белгілер байқала бастаған. Кейін тест нәтижесі, 20 горилланың 13-нен коронавирус инфекциясын анықтаған. Алдын-ала болжам бойынша, вирус приматтарға күтушіден жұққан көрінеді. Оларға аурудан сауығып шыққан соң, арнайы вакцина енгізілмек. Артынша, бұл үрдіс мекемедегі барлық жануарларға жасалуы мүмкін.