Фейк: Алматы дәріханаларында қызуды төмендететін дәрілер сатылымнан алынуда

05.02.2021 в 15:37

Алматы қаласының және облыстық дәріханаларда медициналық маскалар мен термометрлер жеткілікті

WhatsApp мессенджерінде қызуды төмендететін дәрінің 10 қаптамасын бірден алуға үндейтін аудиохабарлама таралуда. Автордың айтуынша, адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға мәжбүр ету үшін Алматы мен Алматы облысының дәріханаларынан бірқатар дәрі-дәрмекті сатылымнан алып тастау туралы «жоғарыдан бұйрық келіп түскен». Бірақ бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, дәріханалар мен ауруханаларда бірқатар дәрі-дәрмектің, соның ішінде вирусқа қарсы және қызуды төмендететін препараттардың болуы апта сайын тексеріледі.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыз ету шамамен 90%-ды құрайды. Дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) қажетті препарат бар. Сонымен қатар, нарықты қанықтыру үшін тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік препараттарды жеткізу жалғасуда, бүгінде ол Алматы үшін шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде Алматыға әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 47,2 млн (118%) әкелінді. 23,4 млн теңгенің препараттары сатылды. Құны 23,8 млн теңгелік дәрі қолда бар, оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн құрайды. Осылайша, қалада екі айлық беріктік қоры қалыптастырылды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Алматы қаласының және облыстық дәріханаларда медициналық маскалар мен термометрлер жеткілікті.

Сонымен қатар, ведомство бүгінгі таңда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарына жоғары сұраныс жоқ екенін атап өтті.