Карантин күшейтілді: Медеу мен Шымбұлақ демалыс кешендері қалай жұмыс істейді

12.03.2021 в 18:42

Сенбі және жексенбі күндері тауға көтерілетін эко-такси мен автобустар да арнайы кесте арқылы жүретін болады

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ демалыс кешендерінің жұмысы шектелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан былай сенбі және жексенбі күндері тауға көтерілетін эко-такси мен автобустар да бұрынғыдай емес, арнайы кесте арқылы жүретін болады. Одан бөлек, қалада карантинге қарамастан ережеге қарсы жұмыс істейтін мейрамханалар да азамай тұр. Бір апатаның ішінде Медеу ауданында 100-ден астам нысанның жұмысы тоқтатылып, 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Қала коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енгендіктен, алдағы күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

«Медеу ауданы бойынша қаңтар, ақпан айларында коронавирус жұқтырған 20-25 адамдай тіркелсе, наурыз айының басында 100 адамға бірден жетті. Бұл қауіпті аймақтар тұрмыз деген сөз. Сондықтан алдағы демалыс күндері аймақта карантиндік шаралар күшйетіледі. Қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймын», – деді Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев.