Төртеуі дәрігер: Алматыда тағы 6 адам коронавирустан емделіп шықты

26.04.2020 в 15:49

Мегаполисте қауіпті вирустан емделіп шыққандар саны 96 адамға жетті

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 28 жағдай анықталды. Оның барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар мен карантинде провизорлық госпитальдерде емделіп жатқан адамдар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні коронавирустық инфекциядан сауығып, тағы 6 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде екі ер адам және төрт әйел кісі бар. Медицина қызметкерлері арасынан бір ер адам және үш әйел бар. Бесінші пациент Ыстамбулдан ұшып келген, алтыншы адам Минскіден ұшып келген. Бұған дейін ұшып келген екі пациент провизорлық стационарда болған.

«Үш пациентте емдеу кезінде жағдайы полисегментарлы екі жақты пневмониясының болуына байланысты, ауырлықтың орташа дәрежесі, қалғандарында симптомсыз тасымалдаушылық ретінде бағаланды», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда мегаполисте емделіп жазылғандардың саны 96 адамды құрайды.

Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 739 адам бар.

Науқастардың жай-күйлері бір адамда – аса ауыр, 33 адамда – ауыр, 195 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Жалпы, 26 сәуірге Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 842 жағдайы тіркелді.