Қазақстанда коронавирустан жазылғандар үлесі 63,8% жетті

25.07.2020 в 15:59

Жедел жәрдем шақыру саны 35%-ға, коронавирус инфекциясы бойынша шақырулар – 37%-ға қысқарған

Қазақстанда COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққандар саны 63,8% жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 жұқтырудың тәулік бойғы өсімі 4%-дан 2,1% пайызға дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақыру саны 35%-ға, коронавирус инфекциясы бойынша шақырулар – 37%-ға қысқарған», - деп хабарлады министрлік Telegram желісінде. Сонымен бірге, жансақтау бөліміндегі жүктеме де 73%-дан 57% дейін түскен. Провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларындағы жүктеме 54% азайды. Ал жазылып шыққан қазақстандықтар саны 63% көбейген.