Алматыда өткен тәулікте 419 адам коронавирус жұқтырған

06.10.2021 в 16:04

Қалада 160 вакцинация пункті жұмыс істейді

2021 жылғы 6 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекцияcының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 5 қазан күні коронавирус инфекциясын 419 адам жұқтырған (жергілікті), оның 403-і – симптомдық белгілері бар және 16-ы симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар – 200, келіп түскені – 166.

Инфекциялық стационарларда (3179 төсек-орын) жалпы саны 1 514 адам (оның ішінде 56 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 172.

ӨЖЖ – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 78, High flow-да 47 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында  3485 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3344, симптомсыз 141 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының 1-компонентін  2004 адам, 2-компонетін 3504 адам алды.

Биылғы 1 ақпан мен 5 қазан аралығында қала бойынша 1-компонентін – 960 898  адам, 2-компонентін 873 476 адам алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер – 118 694 адам.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.