Алматыда коронавирустан ауырғандардың 60% емделіп шықты

22.07.2020 в 16:22

Бүгінде қалада COVID-19 жұқтырған 9634 жағдай тіркелген

Алматыда коронавирустан ауырғандардың 60% емделіп шықты. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің өткізген онлайн-брифингінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінде біз коронавируспен күресте бар күшті салып, жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы көрсеткіштер тұрақталды, жүйелі жұмыс жасалды. Бүгінде қалада COVID-19 жұқтырған 9634 жағдай тіркелген. Бір тәулікте жаңа 241 жағдай анықталды. 5667 адам немесе 60% жазылып шықты. Өткен тәулікте 379 науқас үйлеріне шығарылды. Коронавирустан көз жұмған адамдар саны 73 құрайды», – деп хабарлады К. Надыров.

КВИ белгілерімен үйдегі бақылауда 2446 адам бар, соның ішінде 1762 адамда ауру белгілері байқалмайды, және 684 пациентте ауру белгілері бар, формада өтіп жатыр. Бүгінде жалпы жатын орын саны 6000 құрайды, олардың 49% пайызы науқастарға толы.