Алматының бас педагогі КВИ вакцинасын салғызды

16.03.2021 в 16:39

Алматыда педагогтерді вакцинациялау жалғасып жатыр

Алматыда педагогтерді вакцинациялау жалғасып жатыр. Алматының бас педагогі де КВИ вакцинасын салғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 «Спутник V» екпесі наурыз айының басынан бері мыңға жуық алматылық педагогке салынған. Вакцинациялаудың бірінші кезеңінде медицина мамандары, одан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдаған еді. Мұғалімдерден кейін келесі кезекте екпені студенттерге салу жоспарлануда. 

«Вакцина алған адамға қанша дегенмен қоғамдық ортада мүмкіншілік береді. Сондықтан да вакцина алған мұғалімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Иә, оның офлайн оқуға шығуына мүмкіншілігі болады. Тікелей қарым-қатынасқа шыға беруге мүмкіншілігі болады», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.