Елімізде 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

04.06.2022 в 17:28

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 774 адамнан анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ бойынша:

Алматы қаласында - 3, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында - бір адамнан індет жұқтырған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 774 жетті.