Алматылық дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты өлім аузынан құтқарып қалды

03.09.2021 в 18:33

Науқастың өмірі үшін реаниматологтар 8 күн күресті

Алматы қаласында дәрігерлер өкпесі COVID-19-бен 100 пайызға дейін зақымданған науқасты өлім аузынан құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауыр халдегі 62 жасар әйел жатқызылды. Науқастың өкпесінің зақымдануы 100%-ға жеткен. Науқастың өмірі үшін реаниматологтар 8 күн күресті. Реанимацияда әйел өкпені инвазивті емес түрде өкпенің желдетуіне қосылған. Содан барып, емін әрі қарай жалғастыру үшін бөлімшеге ауыстырылды. Науқаста КВИ-ден басқа да 2 типті қант диабеті, инсулин тұтынушы түрінің ауыр өтуі, ХОБЛ секілді аурушаңдықтар анықталды. 

«Науқастың халі бүгінгі күні тұрақты және жақында ауруханадан шығарылады. Емдеу барысында ол вирусқа қарсы, гормоналды және оксигенотерапия алды»,– деді емдеуші дәрігері Атабек Агадилов. 

Науқас өзін аман алып қалған қаһарман дәрігерлерге өз алғысын білдірді. 

«Мен үшін өмірімнің бұл кезеңі ең ауыр болды. Мен өзімді жаман сезініп, тынысым тарылғанда өлепі қалам ба деп қорықтым. Бұған дейін демікпемен ауратынмын, сол ауруым қозып кетті ме деп ойладым. Күйеуім мен ауруханаға жатқан күннен бастап үш күннен соң аурып қалды. Бірақ, оған үйде екпе салынып жеңіл түрде аурып шықты, дене қызуы екі күндей ғана көтеріліп қойды. Орталық қалалық клиникалық аурухананығ барлық қызметкерлеріне адам ретінде рахметімді айтамын. Сіздер күнделікті адам баласын өлім аузынан құтқарып, науқастардың аман-есен және денсаулығын нығайтып шығуы үшін көп күштеріңізді саласыздар. Сіздер біздің замандағы нағыз қаһармынсыздар»,– деп науқас өз ойын білдірді.