Алматыда карантин күшейді: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

30.07.2021 в 18:55

2 тамыздан бастап күшіне енеді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатқа сәйкес, 2 тамыздан бастап мегаполисте жаңа карантиндік шектеулер енгізіліп, 16 тамызға дейін қолданылады.

Төмендегі нысандарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан Ashyq жобасына  қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады:

- орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдар;

- құрылыс жұмыстары, өндірістік ұйымдар;

- байланыссыз қызметтер;

-  гүл дүкендері, фотосалондар;

- туристік фирмалар, бизнес орталықтар;

- қызметтің жекелеген түрлері.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.