Алматыда 97 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды

25.04.2020 в 19:30

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды

Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 23 жағдайы анықталды, оның барлығы індет жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Олардың ішінде 17 әйел, 5 ер адам және 6 жасар бала бар. Жаңадан анықталғандардың арасында 97 жастағы зейнеткер әже де бар»,– делінген хабарламада. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні жұқпалы аурулар стационарларында 717 адам бар. Науқастардың жай-күйі әзірге өзгеріссіз, бір адамда – өте ауыр, 23 адамда – ауыр, 200 адамда – орташа ауырлық дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық. 

25 сәуірде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 814 жағдайы тіркелді