Жаңа қаулы шықты: Алматыда қатаң қарантин шаралары ұзартылды

27.03.2021 в 21:26

Қаулы 29 наурыздан бастап күшіне енеді

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «2021 жылдың 21 - 28 наурызы аралығында Алматы каласында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі ic-шараларды күшейту туралы» қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, 12 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ж. Бекшиннің қаулысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Құжатқа сай, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантинтік шектеулер өз күшінде қала бермек. 

Қаулыда төмендегідей шектеулер енгізілді.

1) жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын және техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым студенттері мен ЖОО студенттерін қашықтықтан оқыту форматына көшірілсін;

2) ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 оқушысы бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін;

3) Алматы қаласы Дін істері басқармасы діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер және т. б.) жұмысына қойылған шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.);

4) жеке Құдайға құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат беру (намаз оқитын үй-жайларда және ұлттық салт-жораларды жасауға арналған бөлмелерде (неке, шомылдыру рәсімі және т. б.) приходшылар арасында кемінде 1,5 метр және дін өкілдері мен приходшылар арасында кемінде 2,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер орналастырылады;

5) ұжымдық Құдайға құлшылық етуге (жұма және бес мәрте намаз, жиналыс, жексенбілік қызмет және т. б.) тыйым салу;

6) қасиетті Рамазан айы кезінде бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады;

7) жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізу;

8) дінбасылардың басшыларына Діни қызметшілер мен басқа да персоналды бетперде мен қолғап қорымен қамтамасыз етілсін, сондай-ақ жамағатпен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті;

9) тұрғын үй саясаты басқармасы жүргізілетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелерінде (орындықтар, банкоматтар, паркоматтар, төлем терминалдары және т. б.) шағын сәулет нысандары мен құрылғыларын дезинфекциялауды қамтамасыз етілсін.

Айта кетейік, қаулы 29 наурыздан бастап күшіне енеді.