Алматыда жас жігітті соққыға жыққан және видеоға түсірген адам ұсталды

04.04.2024 в 09:06

Тергеу жалғасып жатыр

Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қоқыс толған арық: Алматы облысында суару маусымына дайындық жүргізілді