Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті іздестіріліп жатыр

07.09.2022 в 09:59

Желіде белгісіз азаматтың жанып тұрған оттың қасында тұрған видеосы тараған еді

Алматы полициясы Көк-Төбеде ағаштарды өртеген күдікті адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, желіде белгісіз азаматтың жанып тұрған оттың қасында тұрған видеосы тараған еді. Оны көрген халық өртті қасақана жаққан болуы мүмкін деп топшылады. Қазір бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы назарына алды.  Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын жаппай тексеруге кіріскен. 

Кеше Алматыда екі жерде өрт болды. Алдымен Кеңсай шағын ауданындағы тау бөктерінде құрғақ шөп жанса, артынша қызыл жалын Көктөбеде де тұтанған. Аумақта 3 гектар жер өртеніп, оны сөндіруге 130-дан аса адам жұмылды. Бастысы, зардап шеккендер жоқ.