TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған 4 қазақстандық сотталды

08.09.2023 в 10:17

Тергеу барысында олар стримдар ұйымдастыру арқылы төрт айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқаны дәлелденді

Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы соты заңсыз ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан 4 адамды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойын өткізген 2 адамның ісін әшкерелеген болатын. Тергеу барысында олар стримдар ұйымдастыру арқылы төрт айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқаны дәлелденді. Сот екеуін де кінәлі деп танып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім етті.