ҰҚК-нің арнайы операциясы: Қазақстанға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетінің жолы кесілді

15.03.2023 в 10:19

14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара қызметкері шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Аталған көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі.

Аталған факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

ҚР Бас  көлік прокуратурасымен бірге есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шара жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Ескірткі саудасына қатысы бар 108 күдікті іздеуде жүр