Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер 5 жылға сотталды

01.11.2022 в 10:52

Келтірілген залал 30 млн теңге болған

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды", – делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.

Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген залал – 30 млн теңге болған. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.

Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.