Түркістан облысында мектеп директорының төбелескен видеосы тарап кетті

23.06.2023 в 11:20

Білім басқармасында жанжал шықты

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тарап кеткен, - деп хабарлайды almaty.tv тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тарап кеткен. Оқиға куәгерлері оларды ажыратуға тырысқан.

Түркістан облысының білім басқармасы төбелестің екі жыл бұрын болғанын хабарлады. Бейнежазбаның неліктен Қазнетте қазір ғана тарап кеткенін басқарма нақтылаған жоқ. Тек мектеп директорының қатаң сөгіс алғаны белгілі болды.

Ал полиция департаменті бұл дерек Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 2 жыл болғанын хабарлады. Бұл жағдай бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген екен.