Қарағандыда жасырын ірі есірткі арнасының жолы кесілді

03.02.2024 в 11:37

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен есірткі зертханасы анықталды. Қалада жалға алынған жеке үйде қылмыстыұ топ синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. Осылайша 24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады. Тінту барысында жалпы салмағы 1,5 кг астам 7,5 мың дана психотроптық зат оралған түйін, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жаңадан құрылған. Ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетін болдырмады.

- Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да полицейлерге күш қолданған ер адам сотталды