Қызылорда облысында тұрғын егіз баласын сатып жіберген

20.06.2023 в 12:20

Cоталды тергеп-тексеру басталды

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.