Алматыда ер адамның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды

25.04.2024 в 12:31

Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді

Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. 

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Полиция із-түссіз жоғалған оқытушыны Алматыға бет алған пойыздан тапты