Қаңтар оқиғаларына қатысты 1260 қылмыстық іс тергелуде

19.04.2022 в 13:08

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты

Ішкі істер органдары қаңтар оқиғаларына қатысты 1 260 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді ескермесек, 1 260 қылмыстық іс бар. Оның ішінде ауыр қылмыс жасау күдігіне ілігіп, күзетпен ұсталып отырған 158 адамға қатысты істің де бар екенін атап өткім келеді», - деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша, аталған күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, куәлар мен көзбен көргендердің айтуымен, сондай-ақ алынған заттай дәйектермен дәлелденеді. «Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында және прокурорлардың келісуімен осы қылмыстық істер бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданатын болады», - деді департамент бастығы.