Петропавлда жасөспірімді зорлаған күдікті қамалды

25.07.2023 в 13:17

Полицияға14 жастағы қыз өзі хабарлаған

Петропавлда 14 жастағы қызды зорлаған. Болған жайтты кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өзі полицияға хабарлаған көрінеді. Бүгінде жасөспірімге жәбір көрсетті деген күдікпен СҚО-ның 36 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Құзырлы орган өкілдері тиісті тергеу жүргізіп жатыр.

– Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Оқи отырыңыз: Арматурамен өлтірген: Шымкентте қаскүнем ер адамды шұңқырға тастап, үстіне сарай салған