Павлодарда электр жабдықтарын заңсыз сатқан шетелдік ұсталды

01.12.2023 в 13:26

Аталмыш материалдар сотта қаралды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыс орталығында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін 40 жастағы Новосібір қаласының тұрғыны ұсталды. Ол Қазақстанға қараша айында жеке сапармен келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік электр жабдықтарын сатумен заңсыз айналысқаны анықталды. Заңсыз кәсіпкерден генератор мен шынжырлы ара табылды.

«Ер адамға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Бұдан басқа, шетелдіктің жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес еместігін білдірген көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды»,– деді департаментте.

Аталмыш материалдар сотта қаралды. Сот шешімімен заң бұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.