Алматыда «Qozgan inc.» қаржы пирамидасы анықталды

14.09.2022 в 13:28

Компаниясының 2 ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматы қаласында «Qozgan inc.» ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. ЖШС инвестициялық компания атын жамылып, Қазақстан Республикасының тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысып келген.

«Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының 2 ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады», - делінген агенттік мәліметінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат.