Риддердегі ЖЭО бұрынғы басшылары тергеліп жатыр

24.10.2023 в 13:30

Олар бөтеннің мүлкін жымқырған

Риддердегі жылу электр орталығының бұрынғы басшылары алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, олар бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4 миллиард 100 миллион теңге залал келтірген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында электр орталығының жабдықтарының тозуы және жөндеу жұмысын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– 2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Астанада кәсіпкер коммерциялық нысанын неге ала алмай жүр