Пара алған: «Аграрлық несие корпорациясының» филиалының басшысы қамалды

28.09.2023 в 13:49

Күдікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алған

Солтүстік Қазақстандағы «Аграрлық несие корпорациясының» басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деген күдік бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дерегінше, ұсталған азамат өнеркәсіпті дамытуға арналған жоба арқылы беретін несиені оңай жолмен шығарып бермек болған. Мәселені шешу үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерде ақша сұраған. Құзырлы орган бұған қатысты егжей-тегжей тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

– Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оқи отырыңыз: ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр