Талдықорғандағы оқушы қызды ұрған жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

10.01.2023 в 14:03

Әлімжеттік фактісі «Самал» шағынауданындағы пәтерлердің бірінде болған

Талдықорғандағы оқушы қызды ұрған жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен видеодан 3 қыз баланың біреуін жұдырықтап ұрып, аяқпен теуіп жатқанын анық көруге болады. Әлімжеттік фактісі «Самал» шағынауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, олардан жауап алыныпты.

«Барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданының түрлі оқу орынында оқитын кәмелетке толмағандар. Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден бас тартты. Соған қарамастан, іс жүзінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабында көзделген әкімшілік өндіріс қозғалды. Ал кәмілетке толмағандардың ата-аналары 127 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды», – деді Жетісу облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.