Үстіне қоқыс контейнері құлаған әйел көз жұмды

04.01.2023 в 14:04

Cотқа дейінгі тергеу басталды

Оқыс оқиға қатысты сотқа дейін тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтөбеде қоқыс жәшігін тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері 38 жастағы жұмысшы әйелдің үстіне құлаған.

Оқиға 1-қаңтар күні Сәңкібай батыр даңғылында болған. Зардап шеккен әйел Көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізіліп, алған ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды