Күдебаев Алматы облысының таулары арқылы шетел асуы мүмкін

20.04.2023 в 14:32

Ол ресми шекара бекеттерінен өтпеген көрінеді

Серік Күдебаев Алматы облысының таулары арқылы шетел асуы мүмкін. ҰҚК осылай болжап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған тау асуға жергілікті тұрғындар да көмектесуі ықтимал. Бүгін Сенат отырысында журналистер шекара қызметінің басшысынан Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысының қалай қашып кеткенін сұрады. Күдебаев ресми шекара бекеттерінен өтпеген көрінеді.

«Күдікті таулар арқылы Қырғызстанға өтіп кеткен. Өзінің туған жерінде шаруа қожалығы бар болатын. Сондықтан жақсы жолсеріктері болған шығар. Осындай болжамға тоқтадық. Қазір Қырғызстандағы әріптестерімізбен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Ол жақта да қылмыстық іс қозғалды», – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов.