Қайрат Боранбаевқа тиеслі газ компанияның активтері бұғатталды

26.12.2022 в 14:19

Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

«Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді әлі жалғастырып жатыр. Қылмыстық процесті кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,  – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, іс сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тергелген. Ұлттық компанияға келтірілген залал «Қазақгаз» компаниясының шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтеліпті. Сондай-ақ айыпталушылардың 38 млрд теңге ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынған екен.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.