Қазақстанның 5 қаласында вакцина паспортын сатқандар ұсталды

11.08.2021 в 14:19

Осылайша 37 азамат екпе алды деген құжатқа ие болыпты

Қазақстанның 5 қаласында вакцина паспортын сатқандар ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында жалған вакцина паспортын сатқан 8 медицина қызметкері және басқа да адамдар анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv

Паспортты 5000-30 000 теңге аралығында жасап отырған. Осылайша 37 азамат екпе алды деген құжатқа ие болыпты. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға жалған вакцина паспорттарын пайдаланғаны үшін 467 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын еске салады. Ал, медицина қызметкерлеріне қатаң жаза қарастырылған. Оларға 5 млн 800  мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.