Астанада вейп сұйықтықтары тәркіленді

31.01.2024 в 14:20

Күдікті цех жасап алған

Астанада миллиондаған ақша тұратын вейп сұйықтықтары тәркіленді. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарына сай, елорда тұрғыны оларды қолдан жасап сатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті рұқсат беру құжаттарынсыз құрамында никотині бар сұйықтықты өндіретін цех жасап алған. Дайын өнімді көтерме және бөлшек сауда түрінде елорда мен республиканың басқа қалаларының вейпшоптарына сатқан. Олардың құны 18 миллион теңгеден асады.

– Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 5000-ға жуық электронды темекі шегу құрылғыларына арналған сұйықтық құтысы, хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктар тәркіленді. Соталды тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етілмейді, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте қымбат көлікті ұрлаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды