Астанада Қайрат Сатыбалдының соты басталады

19.09.2022 в 14:26

Ол 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын

Ертең Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми мәлімет бойынша, іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15:00-де, онлайн режимде басталады.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді.

Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.