Әйелі мен өгей қызына пышақ салған мектеп директоры бостандыққа шықты

24.03.2023 в 15:02

Оған 2 миллион теңге өтемақы төлеу міндеті тағайындалды

Ақтөбе облысында келіншегі мен өгей қызына пышақ салған мектеп директоры бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыдан 5 ай бұрын Шалқар ауданындағы Жаңақоныс ауылында 37 жастағы мектеп директоры ұстаздар мерекесін тойлаған. Масайған ол - әйелімен сөзге келеді. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін жарақаттаған азамат 8 жасар өгей қызын да суық қарумен жанап өткен. Осыдан кейін оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып, тәртіп сақшылары қамауға алды. Бірақ сотта жарақаттың жеңіл екені анықталған. Соттың айтуынша, ол жақындарын өлтіруге оқталған жоқ. Азаматтың 5 ай қамауда отырғаны жаза деп есептеліп, әйелі мен өгей қызына 2 миллион теңге өтемақы төлеу міндеті тағайындалды.  

«Сотталушының жәбірленушіні өлтіруге пиғылы, ниеті болмаған. Оны қызының құлақ тұсына жарақат салғанынан байқауға болады», – деп облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот судьясы Нұрлан Бақтығалиев.

Оқи отырыңыз: Шахтинскідегі жаппай төбелес кезінде полицейлер оқ жаудырды