Алматы облысында 40 млн теңгені ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

09.11.2021 в 19:04

Ұрлықшы қабырғаны бұзып, өз ойын іске асырған

Алматы облысында 40 миллион теңгені қолды қылған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қыркүйек айында Қарасай аудандық полициясының кезекші бөліміне ломбард иесінен қомақты қаржы тұратын бағалы заттардың ұрланғаны жайында арыз түскен. Анықталғандай, ұрлықшы қабырғаны бұзып, өз ойын іске асырыпты. Араға екі ай салып, күдікті қолға түскен.  

«Ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қарақшылық тонау және ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған күдікті анықталып, ұсталды. Арнайы бөлім қызметкерлері Алматы қаласында жүргізген операция барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.