Қарағандыда кассирге бензин шашып, тонап кеткен ұрылар ұсталды

11.02.2021 в 15:57

Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты

Қарағанды облысының полициясы шағын несие ұйымының кассиріне бензин шашып, 120 мың теңгені тонап кеткен қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олар өз кінәсін мойындап, қазір абақтыда тергеудің аяқталуын күтіп отыр. 

Еске салсақ, тонау оқиғасы 9 ақпан күні болған. Медициналық бетперде таққан қарақшылардың бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, көп ұзамай  күдіктінің екеуі де, темір торға тоғытылды. Жасаған қылмысы үшін сыбайластар 15 жылға сотталуы мүмкін.