Петропавлда шенеуніктер 7,8 миллион теңгеге кілем сатып алмақ болған

12.10.2023 в 15:06

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеру жүргізді

Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрі 35 мың теңгеге бағаланған кілем сатып алмақ болған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықталып, нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемді бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен 7,8 млн теңге болатын бюджет қаражаты үнемделген.

Аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қоғамда кең тараған алаяқтық тізбек белгілі болды