Жамбыл облысында 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

09.12.2021 в 15:28

Биыл жергілікті Полиция департаменті 677 есірткі қылмысын анықтаған

Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл жергілікті Полиция департаменті 677 есірткі қылмысын анықтаған. Оның ішінде 113 есірткі өткізу дерегі, аса ірі көлемде сақтаудың 77 дерегі, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың фактілері тіркелді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары есірткі заттарын контрабандалаудың 22 және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 23 дерегін анықтап, 587 түп марихуана шөбін жойды. 

«Заңсыз айналымнан 3 тонна 354 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3 тонна 248 келі  марихуана, 105 келіден  астам гашиш, 1 келі 35 грамм героин және 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді», – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.