Алматы орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

22.02.2022 в 16:51

Бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді. 

Импровизацияланған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, "Beretta Xtreme", "Tikka T3x", "Gamo FS 10x igt", "Sako TRG". Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. 

Сонымен қатар бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады.