Оралда киіктің мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды

25.08.2022 в 15:26

Cотқа дейінгі тергеу басталды

Оралда қырық киіктің мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – 1981 жылы туған Зашаған кентінің тұрғыны. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әрі осынша көп мөлшердегі дериванттың қайдан шыққаны анықталып жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық полиция департаментінің қызметкері Лунара Аманғалиева.