Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының пайдасы тиді

19.04.2024 в 15:41

4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

Былтыр іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының көмегімен 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген. Бұл туралы Алматыда өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ондағы мақсат – азаматтарды қоғамдық бақылау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатыстыру және еріктілерді тарту. Басқосуға халықаралық ұйымдар, агенттік өкілдері, волонтерлер қатысты.

- Бұл жоба бойынша қазір біздің агенттікпен бірлесіп, 3 мыңға жуық волонтер жұмыс атқаруда. Олардың негізгі жұмысы – ақысыз, олар өздері қандай да бір сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар, сонымен қатар мониторинг жұмыстарын бізге жүзеге асыруға көмектесуде, - дейді Жігер Байділдин.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі превенция қызметі басысының орынбасары.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев 2000 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты