Павлодар әкімінің орынбасары қамауға алынды

16.06.2023 в 15:53

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қалалық ПБ УҰИ-на қамауға алынды.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп хабарлады Антикор.