Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

25.04.2023 в 16:12

Аталған факт бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шақалақты бірінші болып көрген қала тұрғыны алғашында оны мысықтың даусымен шатастырған екен. Сөйтсе бәзбіреулер ұл баланы пакетке орап, тастап кетіпті. Оқиға орнына жедел жеткен Батыс Қазақстан облысының полициясы нәрестені қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл жеткізді. Аталған факт бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Аталған факт бойынша қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Лунара Аманғалиева.