Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірген

08.07.2021 в 16:33

29 жастағы күдікті әйел қамауға алынды

Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған. 6 шілдеде  түнгі сағат 3:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына жер үйдің бірі өртеніп, ішінен 37 жастағы әйел адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен. 27 жастағы көрші түн ішінде оянып, өртеніп жатқан үйге көмекке жүгірген. Ер адам жанып жатқан үйден кәмелет жасына толмаған 3 баланы және әйел адамды алып шыққан.

«Тергеу кезінде өрттен құтқарылған 29 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Сөзінше, ол жасаған қылмысынан соң үйге бензин құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған», – деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Қазір осы қылмысқа байланысты  ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 29 жастағы күдікті әйел қамауға алынды.