Шымкентте ер адамды жертөледе өлтіріп кеткен

05.11.2021 в 16:47

Күдіктіні тәртіп сақшылары тез арада қолға түсірген

Шымкентте белгісіз біреу ер адамды пышақтап, өлтіріп кеткен. Қайғылы жағдай Самал-3 шағынауданында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.    

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс кешкі сағат 23.00 шамасында құрылысы қызу жүріп жатқан үйдің жертөлесінде жасалған.

Қайтыс болған ер адамның Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Ол шекара асып келген құрылысшы болуы мүмкін. Дәрігерлер пышақты оның тура жүрек тұсына сұққан, сондықтан оны аман алып қала алмадық дейді.

Ал күдіктіні тәртіп сақшылары тез арада қолға түсірген. Қазір оқиғаның мән жайы анықталуда.  

«Аталған қылмыс оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді. Шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында сағат 19-00 шамасында жәбірленуші өзімен бірге жұмыс істейтін, Өзбекстан Республикасынан келген азаматпен спирттік ішімдік ішіп отырып, өзара сөзге таласып қалған. Күдіктінің жанжал барысында асхана пышағымен дене жарақатын салғаны анықталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалар тағайындалды», – деді қалалық ПД бастығының орынбасары Серік Ергешов.