Елімізде 5 мыңнан астам бала полиция есебінде тұр

15.03.2021 в 16:53

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты

Бүгінде 5 мыңнан астам бала полиция есебінде тұр. Ол туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, өткен жылы кәмелет жасқа толмаған баласын түнгі уақытта қараусыз жіберген 65 ата-анаға қатысты әкімшілік жаза қолданылған. Жасөспірімдерді көңіл көтеру орындарына кіргізгені үшін 80-нен астам мейрамханалар мен кафелердің иелеріне де айыппұл салыныпты.

«Бүгінде  полиция есебінде 7 мыңнан астам аз қамтылған отбасы бар. Онда 11 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын 40 мыңнан астам ата-ана мен заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл сайын сот мыңға жуық ата-ананы бала тәрбиелеу құқығынан айырады», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

Tags: МВД РК