Ақтауда мүсәпір жанды қайыр сұрауға кімдер мәжбүрледі

24.04.2024 в 17:00

Қылмысқа қатысты тұлғалар ұсталды

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның 2024 жылғы 24 сәуірдегі ақпаратынша "мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген" заңсыз фактіні, "Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында анықтаған.

- Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, соның нәтижесінде 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқықбұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Оқи отырыңыз: Отандық еңбек нарығы шетелдіктерге несімен тартымды